Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Әбілқайыр Байпақов
Әбілқайыр Байпақов. Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтау қаласының әкімі болып Әбілқайыр Байпақов тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Байпақов Әбілқайыр Жаңайұлы Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Ал бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен.

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Осы жылдар ішінде облыстың мемлекеттік органдарында, оның ішінде Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен мәдениет басқармасында, Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақия аудандары әкімі аппаратында, облыс әкімі аппаратында басшы, Баянды ауылының әкімі, "Каспий" ӘКК ҰК" АҚ директоры, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.

Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарған жұмысы үшін Ұлықбек Тналиевке алғыс айтып, Әбілқайыр Байпақовқа облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2134941-aqtau-qalasyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/