Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау қаласы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Жарияланған күні:

Ерлан Саркенов пен Тілеген Едігеев
Ерлан Саркенов пен Тілеген Едігеев. Фото: gov.kz

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Ерлан Сәркенов пен Тілген Едігеев тағайындалды. Олардың мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметте тәжірибесі бар, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметінше, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Ерлан Саркенов тағайындалды.

Саркенов Ерлан Әбдіғалымұлы 1986 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы, 2019 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін сәулет мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009-2016 жылдары "Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тіркеушісі, бас маман болып бастаған.

2016-2018 жылдар аралығында жоғарыда аталған мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.

2019-2021 жылдары Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2021-2023 жылдары "Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.

2023 жылы "Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар қала әкімдігі ақпараты бойынша Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тілеген Едігеев тағайындалды.

Едігеев Тілеген Едігеұлы 1990 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін қаржы мамандығы, 2016 жылы КАЗГЮУ университетін құқықтану мамандығы, 2023 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы университетте магистратураны "Стратегиялық инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы Ақтау қаласындағы "Каспий Битум" БК ЖШС қоймашысы болып бастаған.

2014-2015 жылдар аралығында "Мұнай-газ инженерлік және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС корпоративтік клиенттермен жұмыс секторының меңгерушісі болды.

2015-2020 жылдары "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ, "Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінде бас маман, бөлім басшысы, басшының орынбасары лазауымында қызмет атқарды.

2020-2022 жылдар аралығында "Ақтау қалалық кәсіпкерлік және индустрияны дамыту бөлімі"ММ, "Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы болған.

2023 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін KAZAKH INVEST ҰК АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық директоры қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2135055-aqtau-qalasy-akimining-orynbasarlary-tagaiyndaldy/