Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда жылу магистралін жаңғырту жұмыстары қашан аяқталады

Жарияланған күні:

Жылу магистралін жаңғырту
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту" жұмыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жылу желісінің жалпы ұзындығы 6138 метрге тең.

"М-1" жылу магистралі 1990 жылдан бастап 34 жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Жылу желісінен 2022 жылы 6 ақау шыққан болса, былтыр желіден тағы 3 ақау табылған. Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан конкурс жарияланып, жеңімпаз деп танылған бас мердігер – "Сарыағаш-Аман" ЖШС, техникалық қадағалаушысы – "АДС Сапа" ЖШС және авторлық қадағалаушы "Институт "КазНИПИЭнергопром" АҚ-мен келісімшарттар жасалды. Құрылыс жұмыстары биылға жоспарланған, ұзақтығы – 9,5 ай.

Жылу магистралін жаңғырту
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың 19 сәуірінен басталды. Айта кетейік, құрылыс-монтаждау жұмыстары полиция органдарымен жол жабу келісілгеннен кейін ғана жүргізілді.

Жылу магистралін жаңғырту
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жылу магистралін жаңғырту
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгінгі таңда Төле би даңғылының Абай даңғылы мен Әйтиев көшесі аралығындағы бөлігінде орнатылған жылу құбырлары тиісті гидравликалық тексерістен өтіп, қайта көму жұмыстары жүріп жатыр.

Жылу магистралін жаңғырту
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 1 қазанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2135976-tarazda-zhylu-magistralin-zhanggyrtu-zhumystary-qashan-aiaqtalady/