Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрлігі жанынан үш жаңа комитет құрылды

Жарияланған күні:

Конференциялық зал. Фото
Конференциялық зал. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанынан үш жаңа комитет құрылды. Бұған қоса 59 мемлекеттік мекеме таратылды, деп хабарлайды "НҚА эталондық бақылау банкіне" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің интернет-ресурсында жарияланды.

Құжат Әділет министрлігінде үш республикалық мемлекеттік мекеме құруды көздейді:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті;

Сонымен қатар Әділет министрлігінің қарамағында болған 59 мемлекеттік мекемені таратылады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2136111-adilet-ministrligi-zhanynan-ush-zhanga-komitet-quryldy/