Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Бектенов Алтай Көлгінов басқарған мемлекеттік комиссияны таратуды тапсырды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алтай Көлгінов
Алтай Көлгінов. Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласының экс-әкімі Алтай Көлгінов басқаратын Ұлттық ғылым академиясын қайта құру жөніндегі мемлекеттік комиссияны таратуды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тиісті бұйрыққа министрлер кабинетінің басшысы 16 шілдеде қол қойды. Ол "Әділет" НҚА порталында жарияланды.

"Қазақстан үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларының 26-тармағына сәйкес:

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 180-ө өкімімен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия таратылсын", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алтай Көлгінов 2019 жылғы маусым айынан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін Астана қаласы әкімі болды.

Кейін 2022 жылғы желтоқсанда Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл қызметте 2023 жылдың маусымына дейін жұмыс істеді.

Сонымен қатар 2024 жылғы наурыз соңында Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2136216-olzhas-bektenov-altai-kolginov-basqargan-memlekettik-komissiiany-taratudy-tapsyrdy/