Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мысыр президентін Революция күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әбдел Фаттах Ас-Сиси
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әбдел Фаттах Ас-Сиси. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

"Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2138289-memleket-basshysy-mysyr-prezidentine-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/