Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысына шықты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Facebook/ Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады", - делінген хабарда.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Сонымен бірге Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап телефон арқылы сөйлескен болатын.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2138346-toqaev-qysqa-merzimdi-engbek-demalysyna-shygady/