Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиеевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2139145-toqaev-shavkat-mirzieevti-tugan-kunimen-quttyqtady/