Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Мұстафин Ержан
Мұстафин Ержан. Фото: instagram.com/akimdik_petropavl

Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болып Ержан Мұстафин тағайындалды. Тиісті өкімге қала әкімі Серік Мұхамедиев қол қойды, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметінше, Ержан Алпысбайұлы 1984 жылы 13 қаңтарда СҚО Есіл ауданы Жарғайың ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2007 жылы Петропавл қаласының Ішкі істер органдарында бастаған. 2010-2023 жылдар аралығында Есіл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Осы тағайындауға дейін СҚО Есіл ауданы әкімінің экономика және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде болды.

Айта кетейік, 2023 жылы шілде айында Серік Мақсұтұлы Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.

Сондай-ақ 26 шілдеде Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Төлеген Кенжебеков қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2140159-petropavl-qalasy-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/