Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әбдірашов СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов
Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов. Фото: СІМ

Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдірашов СІМ -нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Алматы қаласындағы СІМ өкілдігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Жәнібек Әбдірашов 1977 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын СІМ Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің юрисконсульты лауазымынан бастаған. 2004-2006 жылдары Алматы қаласындағы СІМ өкілдігінің Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

2006-2010 жылдар аралығында Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

2010 жылы СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, содан кейін 2014 жылы Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы болып тағайындалды.

2017-2019 жылдары – Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан бас консулы.

Алматы қаласындағы СІМ өкілдігінің басшысы болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстанның Мажарстандағы елшісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2140185-zhanibek-abdrashov-sim-ning-erekshe-tapsyrmalar-zhonindegi-elshisi-bolyp-tagaiyndaldy/