Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев энергетика министріне ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Алмасадам Сәтқалиев
Қасым-Жомарт Тоқаев, Алмасадам Сәтқалиев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берілді.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткен.

"Президентке ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндалды", - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2141272-toqaev-energetika-ministrine-ishki-naryqty-munai-onimderimen-qamtamasyz-etudi-tapsyrdy/