Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асламбек Мерғалиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асламбек Мерғалиев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Асламбек Мерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді.

Президентке сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр.

Кездесу соңында мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2141817-prezident-zhogargy-sot-toragasy-aslambek-mergalievti-qabyldady/