Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат төрағасы Иран президентіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді

Жарияланған күні:

Мәулен Әшімбаев, Масуд Пезешкиан
Мәулен Әшімбаев, Масуд Пезешкиан. Фото: senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран президенті Масуд Пезешкианды ұлықтау рәсіміне қатысты. Бұл туралы сенатқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран президенті Масуд Пезешкианды ұлықтау рәсіміне қатысты", - делінген ресми хабарламада.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар ол Қазақстан екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға баса мән беріп отырғанын атап өтті.

"Сізге Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауы мен жылы лебізін жеткізуге рұқсат етіңіз. Мемлекет басшысы біздің елдеріміз арасындағы екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Иран – Каспий өңіріндегі көршіміз, сондай-ақ, Таяу және Орталық Шығыстағы маңызды сауда серіктестеріміздің бірі. Сондықтан Иранмен қарым-қатынасты нығайту біздің сыртқы саясатымыздағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл ретте Қазақстан парламенті өз тарапынан елдеріміз арасындағы байланысты жан-жақты нығайтуға ықпал етеді", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ палата спикері Ислам кеңесі мәжілісінің nөрағасымен және Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының басшысымен кездесті. Екіжақты кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты арттыру және парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2142376-senat-toragasy-iran-prezidenti-masud-pezeshkiandy-ulyqtau-rasimine-qatysty/