Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде Тоқаевтың қатысуымен қандай маңызды шаралар өтеді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.

7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.

9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран президенті Масуд Пезешкианды ұлықтау рәсіміне қатысып, оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2142408-toqaev-aldagy-aptada-qandai-sharalarga-qatysady/