Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конго президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға алғашқы сапары туралы айтты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Дени Сассу-Нгессо
Қасым-Жомарт Тоқаев, Дени Сассу-Нгессо. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессомен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға ілтипат білдіріп, оның елімізге бұл сапарының тарихи маңызы зор деп бағалады.

"Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің бұл алғашқы сапарыңыз екі ел байланыстарын дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Конго арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамытуға мол әлеует бар деп есептеймін", - деді мемлекет басшысы.

Дени Сассу-Нгессо құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның қазіргі саяси және экономикалық дамудағы жетістіктерін жоғары бағалады.

"Елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығы қарсаңында Астанаға келу – біз үшін зор мәртебе. Бұл сапар саясат, дипломатия және экономика салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсетініне, ал екі ел халықтарының достық қатынастарын жаңа деңгейге көтеретініне сенемін", - деді Конго президенті.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Конго арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Еске салсақ, бұған дейін Ақорда өкілдері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері елімізге Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.

2 тамызда елордаға Конго президенті Денис Сассу Нгуессо мемлекеттік сапармен келді, оны әуежайдан премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды.

Бүгін құрметті қонақты Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2143617-toqaev-kongo-respublikasynyng-prezidentimen-shagyn-quramda-kelissoz-zhurgizdi/