Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Ерік Мейрханов
Ерік Мейрханов. Фото: instagram.com/akimat__astana

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Астана әкімнің орынбасары болып Ерік Мейірханов тағайындалды. Бұл жөнінде елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ерік Мейірханов еңбек жолын Халықаралық мұнай-газ компаниясында бастаған.

2011 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамырына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті.

Соңғы жылдары ҚР Президенті Протокол қызметінің инспекторы, қызмет бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, кеше, 1 тамызда Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалып, Нұржан Ахатов қала басшысы атанды.

Сондай-ақ таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалса, Қуат Сандаловқа Президент Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2143638-astana-akimining-zhanga-orynbasary-tagaiyndaldy/