Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конго президентінің Қазақстанға сапары аясында қандай құжаттарға қол қойылды

Жарияланған күні:

Құжаттарға қол қою рәсімі
Құжаттарға қол қою рәсімі. Фото: Ақорда

Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізген келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Конго Республикасы президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Конго Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иелерін виза талаптарынан өзара босату туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шет елдердегі конголықтардың істері жөніндегі министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды үкімет қызметтері, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Конго Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі және геология саласындағы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Конго Республикасының Энергетика және гидроэнергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Конго Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

7. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "Natinal Petroieum Company of the Republic of Congo" арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

8. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

9. "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

10. "MSPP GL" ЖШС мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2143678-kongo-prezidentining-qazaqstanga-sapary-aiasynda-qandai-quzhattarga-qol-qoiyldy/