Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Конго президентімен француз тілінде сөйлесті (видео)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо. Фото: Ақорда

Президент телерадиокешені Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конго басшысы Денис Сассу-Нгессомен жүргізген келіссөздерінің үзіндісін жариялады. Мемлекет басшысы әріптесімен француз тілінде сөйлесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Телерадиокешен Instagram-дағы парақшасындағы видеоға сүйенсек, Қазақстан президентінің сәлемдесуі француз тілінде басталды.

"Президент мырза, ең алдымен Қазақстанға қош келдіңіз. Біздің елге алғашқы сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастардың дамуына тың серпін береді. Біз сізді елімізде қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Біз екіжақты қатынастар мен халықаралық ахуалдың кейбір өзекті мәселелерін бейресми және ашық атмосферада талқыладық. Президент мырза, мен елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста үлкен әлеуетті көріп отырмын. Менің үкіметім оны жүзеге асыруға ұмтылатын болады", - деді Тоқаев Конго президентіне.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2143752-toqaev-kongo-prezidentimen-frantsuz-tilinde-soilesti-video/