Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Конго президентін елорда әуежайынан өзі шығарып салды (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram желісіндегі ресми арнасы.

Конго Республикасы президентінің елімізге ресми сапары Алматы қаласында жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақорда өкілдері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері елімізге Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.

2 тамызда елордаға Конго президенті Денис Сассу Нгуессо мемлекеттік сапармен келді, оны әуежайдан премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды.

Бүгін құрметті қонақты Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Екіжақты келіссөздерден кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго президенті Дени Сассу-Нгессо бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2143939-toqaev-kongo-prezidentin-elorda-auezhaiynan-ozi-shygaryp-saldy-foto/