Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Жақыповты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Жақыповты қабылдады. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Нұрлан Жақыпов президентке қордың биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы жұмыстарының жоспарын таныстырды:

  • басты өндірістік көрсеткіштер жоспарға сәйкес атқарылып отыр;
  • қордың кірісі 7,9 триллион теңгені құрады. Бұл белгіленген жоспардан 7 пайызға артық;
  • қор тікелей шетелдік инвестицияның катализаторына айналды. Сонымен қатар мұнай-газ химиясы, энергетика, көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру салаларындағы жобаларға шетелдік серіктестерімен бірлесіп инвестиция құяды;
  • "Самұрық-Қазына" тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53,5 триллион теңге болатын 130-дан астам жоба бар екенін баяндады. Мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, логистика салаларында және тау-кен өнеркәсібінде жүзеге асырылатын жобалар ел экономикасына мультипликативті әсер етеді деп күтілуде;

Одан бөлек, Жақыпов мемлекет басшысына қордың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы қайырымдылық жобалары туралы мәлімет берді:

  • жыл соңына дейін елімізде 40 оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.

Ал мемлекет басшысы инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ қор жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2144635-memleket-basshysy-samuryq-qazyna-aktsionerlik-qogamynyng-basqarma-toragasy-nurlan-zhaqypovty-qabyldady/