Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиееваны қабылдады

Жарияланған күні:

Саида Мирзиёева мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Саида Мирзиёева мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиееваны қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлйды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды.

Кездесуде ақпараттық-идеологиялық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша мән берілді.

Президент Астанада халықаралық "Заковат" интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2144710-toqaev-ozbekstan-prezidentining-komekshisi-saida-mirziioevany-qabyldady/