Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президентін Құрмет белгісімен марапаттады

Жарияланған күні:

Консультативтік кездесу
Консультативтік кездесу. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті Құрмет белгісімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы хабарлайды.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі өтті.

Консультативтік кездесуде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке Консультативтік кездесудің келесі төрағалық міндетін табысты атқаруына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Консультативтік кездесудің төрағасы ретінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының атынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті Құрмет белгісімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2146950-toqaev-ozbekstan-prezidentin-qurmet-belgisimen-marapattady/