Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев құрылыс саласындағы бірқатар жұмысшыны мемлекеттік наградамен марапаттады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс саласындағы бір топ жұмысшыны мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Құрылысшы күні қарсаңында отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін саланың бір топ жұмысшысы мемлекеттік наградалармен марапатталған.

"Атап айтқанда, 4 азамат "Парасат" орденінің және 36 адам "Құрмет" орденінің кавалері атанды.

40 жұмысшы ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 72 құрылысшы "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2147076-aaaaaa/