Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ұшақ апатына байланысты Бразилия президентіне көңіл айтты

Жарияланған күні:

Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты
Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айтты. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, осыған дейін Сан-Паулу штатында Linhas Aéreas әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын жазған едік. Желіде әуе лайнерінің құлаған сәтінен видео тарады.

CNN телеарнасының хабарлауынша, әуе лайнері елді мекенге құлаған. Бразилияның Азаматтық қорғанысы әуе кемесі бірнеше үйді зақымдағанын хабарлады. Әуе апатының салдарынан 58 жолаушы мен борттағы экипаждың 4 мүшесі қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2147458-toqaev-braziliia-prezidentine-kongil-aitty/