Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Серік Сәлемов
Серік Сәлемов. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Президент Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына Серік Жақсылықұлы Сәлемов тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.

Серік Жақсылықұлы 1972 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Ол әр жылдары "Салтанат" шағын мемлекеттік кәсіпорында тері өткеруші, "Ақбастау" шағын жеке кәсіпорында құрылыс учаскесінің шебері, "Салтанат" шағын мемлекеттік кәсіпорында директордың орынбасары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас консультанты, бас маманы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық мәслихат аппаратының бас маманы, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, жетекшісі лауазымдарын атқарған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің нормативтік-лингвистикалық жұмыстар басқармасының бастығы (басшысы), Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, аталған министрліктің Әкімшілік департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, түрлі серіктестіктердің жетекшісі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аппарат басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2022 жылғы шілдеден бастап бүгінге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма мүшесі – Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры қызметін атқарып келді.

Облыс әкімінің жаңа орынбасары білім, дене шынықтыру және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, дін, мәдениет және тілдерді дамыту салаларына жетекшілік етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2147970-zhambyl-oblysy-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/