Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шахтер ауылының тұрғындарымен кездесті

Жарияланған күні:

Тоқаев Шахтер ауылында
Тоқаев Шахтер ауылында. Фото: t.me/ akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұра ауданы Шахтер ауылының еңбеккерлерімен жүздесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Шахтерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Георгий Прокоп ауыл шаруашылығы кәсіпорынында 245 жергілікті тұрғын жұмыс істейтінін айтты. Шаруашылық негізінен дәнді және майлы дақылдар, сондай-ақ картоп егумен айналысады.

Директордың айтуынша, агробірлестіктің техникалық паркінде John Deere, Buhler, CLASS, Lovol, Valtra, РСМ, Acros маркалы заманауи шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар, астық жинайтын комбайндар бар. Бүгінде шаруалар егін жинау науқанына сақадай сай.

Президентке жергілікті тұрғындар ауылда жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ауылды дамытуға және шаруаларды қолдауға айрықша мән беретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2149029-toqaev-shahter-auylynyng-turgyndarymen-kezdesti-video/