Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлермен кездесуі кейінге шегерілді

Жарияланған күні:

Париж Олимпиадасы
Париж Олимпиадасы. Фото: Christian Liewig - Corbis/Corbis via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиадаға барған спортшылар мен бапкерлермен кездесуі кейінге шегерілді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, 15 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама мүшелерімен кездесу керек болған.

"Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз.

Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, 14 тамызда Тоқаев Париж қаласында өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Ұлттық құраманың бір топ спортшысы мен бапкері мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2149180-toqaevtyng-olimpiada-zhuldegerleri-men-bapkerlermen-kezdesui-keiinge-shegerildi/