Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрін құттықтады. Фото: t.me/ aqorda_resmi

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифті Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Қазақстан президенті Пәкістанның өз мемлекеттілігін нығайту және өркениетті қоғам құру ісінде елеулі табысқа жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің Пәкістанмен арадағы екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ президент премьер-министр Шахбаз Шарифтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Пәкістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2149503-toqaev-pakistan-premer-ministrine-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/