Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақмола облысындағы Родина ауылының тұрғындарымен кездесті

Жарияланған күні:

Президент Родина ауылын аралап көрді
Президент Родина ауылын аралап көрді. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары Целиноград ауданындағы Родина ауылында жалғасты, деп хабарлайды Ақорда.

Жалпы ауданы 1563 шаршы метрді құрайтын нысанда хореграфия және спорт залдары, дыбыс жазу студиясы мен үйірмелерге арналған кабинеттер бар. Мәдениет мекемесінің жанынан түрлі шығармашылық ұжымдар құрылған. Сонымен қатар бірнеше спорт үйірмесі жұмыс істейді. Оларға 400-ден астам ауыл тұрғыны қатысады.

Президентке "Родина" агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр серіктестіктің ауылда іске асырып жатқан әлеуметтік жобаларын таныстырды. Былтыр бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания Родина ауылының игілігіне 791 млн теңге қаржы бөлген.

Айта кетейік, мемлекет басшысы сапарын Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиядан бастағанын жазған едік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2149831-prezident-rodina-auylyn-aralap-kordi/