Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев осы аптада Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

22-23 тамыз күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2150473-22-23-tamyz-kunderi-qazaqstan-prezidenti-tazhikstan-respublikasyna-memlekettik-saparmen-barady/