Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мажар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Тамаш Шуйок
Қасым-Жомарт Тоқаев, Тамаш Шуйок. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан президенті Тамаш Шуйокқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйок пен барша мажар халқын ұлттық мерекесі – Әулие Иштван күнімен құттықтады.

"Қазақстан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік барлық сала бойынша жүйелі әрі нәтижелі түрде одан әрі дами беретініне сенім білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйоктың барлық игі бастамасына табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Тамаш Шуйок Мажарстанды 2024 жылғы 5 наурыздан бері басқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2150964-toqaev-mazhar-halqyn-ulttyq-merekesimen-quttyqtady/