Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев елордада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған жаңа мектептерді аралап көрді (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мектептерді аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысы Астана қаласының Есіл ауданындағы №103 мектепке барып, заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу кабинеттерін аралап көрді.

"Президентке оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау жаңа мектептердің басты ерекшелігі екені айтылды.

Білім ордасының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Ол үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке-жеке блоктарда білім алады, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасалған", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде мектептің ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып қалды. Сонымен қатар жиһаздар мен құрал-жабдықтар орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2151079-toqaev-elordada-zhaily-mektep-ulttyq-zhobasy-aiasynda-salyngan-zhanga-mektepterdi-aralap-kordi/