Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау әкімі қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Бауыржан Ғайса
Бауыржан Ғайса. Фото: Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ шенеуніктің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кеттім. Біз қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастаманы іске асыра алдық деп ойлаймын.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 144 КТҮ тапсырылды, 170км астам жол жөнделді, 39 балалар мен 47 спорт алаңдары салынды. Биыл Халық қатысатын бюджет жобасын іске асыру аясында 19 алаңның құрылысы жүргізілуде. Мен осы қиын, бірақ қызықты жолда менімен бірге болғандардың барлығына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Бауыржан Ғайса.

Айта кетейік, Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында дүниеге келген.

1996 жылы Челябi мемлекеттiк агроинженер университетiн "инженер-механик", 2006 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн "есеп және аудит бакалавры" мамандығы бойынша, 2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттiк экономика жоғарғы мектебiн "Еуропа Одағындағы мемлекеттiң қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы қызметiнен бастаған. 1992 жылдың сәуiр айынан 1994 жылдың желтоқсан айына дейiн Қостанай облысы Затобол кентiнiң "Күмiс" шағын кәсiпорнының тауартанушысы болып жұмыс істеген.

1994 жылдан 2011 жылға дейiн бiрқатар жеке кәсiпорындардың басшысы болған.

2013 жылдың сәуiр айында "Нұр Отан" ХДП Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары, 2014 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың наурыз айына дейiн "Нұр Отан" партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейiн Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.

2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуiрiне дейiн Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкiмi, 2019 жылғы сәуірден қазанға дейін Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.

Сонымен бірге Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2151462-kokshetau-akimi-qyzmetinen-ketti/