Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қаласының полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланған күні:

Мадимаров Ардақ
Мадимаров Ардақ. Фото: instagram.com/zhambyl_police

Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Мадимаров Ардақ Тілегенұлы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Мадимаров Ардақ Тілегенұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Ардақ Тілегенұлы Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясын аяқтаған. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын жедел уәкіл қызметінен бастаған. Бірнеше басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Ардақ Тілегенұлы жаңа қызметіне дейін Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2151471-taraz-qalasy-politsiia-basqarmasynyng-bastygy-tagaiyndaldy/