Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев шахтерлер мен кеншілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

"36 шахтер "Құрмет" орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 43 азамат "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін президент құрылыс саласындағы бірқатар жұмысшыны мемлекеттік наградамен марапаттаған еді.

Атап айтқанда, 4 азамат "Парасат" орденінің және 36 адам "Құрмет" орденінің кавалері атанды. 40 жұмысшы ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 72 құрылысшы "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2151849-toqaev-shahterlerdi-marapattau-turaly-zharlyqqa-qol-qoidy/