Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зеңбіректен 21 рет оқ атылды": Тәжікстан президенті Душанбеге сапарлап келген Тоқаевты қалай қарсы алды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото : t.me/aqorda_resmi

Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты "Қасри Миллат" сарайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ресми шара кезінде мемлекет басшысының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2152180-dushanbege-memlekettik-saparmen-kelgen-toqaevty-emomali-rahmon-qarsy-aldy/