Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тау болып үйілген жеміс: Тоқаев пен Рахмон тәжіктің ұлттық тағамдар көрмесін аралап көрді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев, Эмомали Рахмон. Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін аралап көрді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына ұлттық тағамдар, соның ішінде аспаздар ерекше талғаммен әзірлеген палау түрлері, таба нандар мен күлшелер көрсетілді.

Еске салсақ, 22 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кеңейтілген және шағын құрамда келіссөз жүргізді.

"Қазақстан тарапы Тәжікстанның қазақ халқына деген тілеулес ниетін жоғары бағалайды. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Біз алға қарай жылжуымыз керек. Бұл сапар – ынтымақтастығымызды дамытуға тың серпін беруді көздейді. Бүгін Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылады. Меніңше, бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Осы орайда бірқатар өзекті мәселе бойынша мазмұнды пікір алмасамыз деп ойлаймын", - деді Қазақстан президенті.

Қазақстан президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2152644-toqaev-pen-rahmon-tazhikting-ulttyq-tagamdar-kormesin-aralap-kordi-foto/