Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Болат Күреңбеков
Болат Күреңбеков. Фото: gov.kz

Болат Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы облысы әкімі өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Болат Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Облыс әкімдігі сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында орналасқан.

Облыс орталығы – Қонаев қаласы.

Алматы облысының жалпы аумағы 105,1 мың шаршы километр болады.

Алматы облысына: Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандары кірді.

Өңірді 2022 жылғы 6 қарашадан бері Марат Сұлтанғазиев басқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2153391-almaty-oblysy-akimining-zhanga-orynbasary-tagaiyndaldy/