Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты Асқар Садықов мандатынан айырылып, "Ақ жол" партиясынан шығарылды

Жарияланған күні:

Айдос Садықов
Айдос Садықов. Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Асқар Садықов мандатынан айырылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында хабарлады.

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі №1 қаулыcының қабылдануына байланысты Асқар Аманбайұлы Садықов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын", - делінген хабарда.

Бұған қатысты "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев өзінің Telegram-дағы арнасында пікір білдірді.

"Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демпартиясының ұсынымын бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды.

Бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды.

Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң А. Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды", - деп жазды Азат Перуашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2154943-mazhilis-deputaty-asqar-sadyqovtyng-okilettigi-toqtatyldy/