Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Малайзия королін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Тоқаев пен Малайзия королі
Тоқаев пен Малайзия королі. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2155479-toqaev-malaiziia-korolin-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady/