Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірімдегі ең маңызды кезең": Ермек Маржықпаев министр қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ермек Маржықпаев
Ермек Маржықпаев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылуына қатысты пікір білдірді. Экс-министр өзіне сенім білдірген көпшілікке алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін.

Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін", - деп жазды бұрынғы министр Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2155543-omirimdegi-eng-mangyzdy-kezeng-ermek-marzhyqpaev-ministr-qyzmetinen-ketuine-qatysty-pikir-bildirdi/