Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Тоқаев пен Мирзиеев
Тоқаев пен Мирзиеев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиеевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті.

Қазақстан президенті ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің жауапты мемлекеттік қызметі табысты болуына және бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2155644-qasym-zhomart-toqaev-shavkat-mirziioevti-ozbekstannyng-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady/