Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент теміржол тарифтерін қайта қарау керегін айтты

Жарияланған күні:

теміржол вокзалы
Теміржол вокзалындағы жолаушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теміржолдың жағдайын жақсартып, тасымал мүмкіндігін арттыру үшін тарифтерді қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек. Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді мәселені шешкен жөн.

Теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек. Бұл – айдан анық нәрсе. Жаңа тарифтер теміржол желісін қалыпты жағдайда сақтауға және оның тасымал қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. "Қазақстан темір жолы" компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Бұл жобалар бекітілген мерзімде және өте сапалы іске асырылуға тиіс",- деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2156004-prezident-temirzhol-tarifterin-qaita-qarau-keregin-aitty/