Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу қажет

Жарияланған күні:

Мектептегі жөндеу жұмыстары.
Мектептегі жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1300 мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, "Жайлы мектеп" жобасы аясында 2025 жылға дейін 217 жаңа мектеп салуды тапсырды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқарады. Менің тапсырмаммен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты "Самұрық-Қазына" қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайды деп ойлаймын.

Үкімет жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруы керек. Сонымен бірге, еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керек.

Бұдан бөлек, мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алған жөн. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал. Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет",- деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2156053-prezident-elimizdegi-1300-mektepke-kurdeli-zhondeu-qazhet/