Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңадан тағайындалған туризм және спорт министріне бірқатар міндет жүктеді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Мырзабосыновты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Мырзабосыновты қабылдады. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.

Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.

Айта кетсек, Ербол Мырзабосынов 2 қыркүйекте Туризм және спорт министрлігіне басшылыққа келді. Ал бүгін, 3 қыркүйекте ол ант берді.

Мырзабосынов президент жарлығымен туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған Ермек Маржықпаевтың орнына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2156560-memleket-basshysy-turizm-zhane-sport-ministri-erbol-myrzabosynovty-qabyldady/