Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Жандос Бүркітбаев
Жандос Бүркітбаев. Фото: primeminister.kz

Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жандос Қонысұлы Бүркітбаев берген өтінішіне сәйкес, денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген үкіметтің Telegram-дағы ресми ақпараттық ресурсында жарияланған хабарламада.

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша, 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын "Фармация" мамандағы бойынша, 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін, 2020 жылы "Тұран-Астана" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Астана қаласындағы "Қан орталығы" ШЖҚ МКҚК-да, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығын басқарған. "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2021 жылғы 22 қаңтарда тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2157003-zhandos-burkitbaev-densaulyq-saqtau-vitse-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/