Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Украина туы
Украина туы. Көрнекі сурет: Halfpoint Images/Getty Images

Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Бұл туралы елшілік Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес", - делінген хабарда.

Сонымен бірге елшілік барлық азаматты әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары:

  • +38 (044) 4831596,
  • +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі(төтенше жағдайда):

  • +380673470408.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2157745-elshilik-ukrainadagy-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/