Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ОПЕК халықаралық даму қорының президентін қабылдады

Жарияланған күні:

Президенттер кездесуі. Фото
Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК халықаралық даму қорының президентін қабылдады. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК халықаралық даму қорының президенті Абдулхамид әл-Халифаны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абдулхамид әл-Халифа өзара ықпалдастық және Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық перспективасын қарастырды.

Мемлекет басшысы еліміз ОПЕК қорымен серіктестікке стратегиялық тұрғыдан мән беретінін, соның ішінде MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) аймағымен байланысты нығайтуды көздейтінін атап өтті.

Өз кезегінде Абдулхамид әл-Халифа газ химиясы, көлік, су ресурстарын басқару және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларды қаржыландыру жоспарымен бөлісті.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысының Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассермен кездескенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2157859-toqaev-opek-halyqaralyq-damu-qorynyng-prezidentin-qabyldady/