Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Сүлейменов Қазақстанның Швециядағы елшісі лауазымына тағайындалды

Жарияланған күні:

Олжас Сүлейменов
Олжас Сүлейменов. Фото: СІМ

Мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Сүлейменов Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Сондайа-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Олжас Сүлейменов 1980 жылы 2 шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін үздік бітірді. 2011 жылы "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Nottingham университетінде магистр дәрежесін алды.

Өзінің дипломатиялық мансабын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы қызметінен бастаған. 2003-2004 жылдары СІМ Еуропа және Америка департаментінің атташесі, ал 2004-2005 жылдар аралығында Сыртқы істер министрі Кеңсесінің атташесі, кейін үшінші хатшысы болды.

2008-2011 жылдары парламент сенаты аппараты басшысының көмекшісі қызметін атқарды, 2011-2012 жылдары – парламент сенаты аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты.

2012-2013 жылдары Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының консультанты қызметін атқарды, ал 2013-2015 жылдары премьер-министр кеңсесінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2015 жылдан 2020 жылға дейін Испаниядағы ҚР Елшілігінде кеңесші және кеңесші-уәкілі лауазымдарында жұмыс істеді.

2020-2022 жылдары СІМ Америка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы наурыздан бастап СІМ Еуропа департаментінің директоры болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2158128-olzhas-suleimenov-shvetsiia-koroldigindegi-totenshe-zhane-okiletti-elshisi-lauazymyna-tagaiyndaldy/