Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германия канцлері Қазақстанға келеді

Жарияланған күні:

Олаф Шольц
Гермацния федералдық канцлері Олаф Шольц. Фото: gettyimages.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германия федералдық канцлері Олаф Шольц 2024 жылғы 16-17 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, сапар барысында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ "Орталық Азия + Германия" форматындағы екінші кездесу өтеді.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың күзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда екі күнге – 28 және 29 қыркүйекке созылған ресми сапармен болды.

Берлинде Қазақстан Президенті федералдық канцлер Олаф Шольцпен жеке құрамда келіссөздер жүргізді.

Содан кейін мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Басшылар сондай-ақ визалық режимді талқылады, канцлер біздің елмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2158513-germaniia-kantsleri-issaparmen-qazaqstanga-keledi/